ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда құрылысшы биіктен құлап мерт болды

Оқиға кеше кешкі сағат 18:00 шамасында болған

фото: inform.kz

Алматыдағы Розыбакиев-Ходжанов көшелерінің қиылысындағы құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бул туралы ақпарат kris.p.almaty.official парақшасында пайда болды.  

Оқиға кешкі сағат 18:00 шамасында болған.

Алматы қалалық полиция департаменті жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.Полицияның мәліметінше, «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Аталған дерек ҚР ҚК 156- бабы бойынша тіркелді. Тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер кешені өткізіледі, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.