17.06.2021, 13:00
Оқиғалар
Шымкентте бір үйдің екі баласы жоғалып кетті
Оларды табу үшін қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 13 және 10 жастағы балаларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылдың 17-маусымында Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында ұлдары 13 жасар Жаңабек Ернұр Нұржанұлы мен 10 жасар Сейдалиев Еділ Нұржанұлы үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.
Екі баланы табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Аталған балаларды көрген-білген адамдар болса, тез арада 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты