17.06.2021, 10:08
Оқиғалар
Павлодар облысында бала аттан құлап қайтыс болды
Қайғылы жағдай Ақтоғай ауданында болған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында бала аттан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусым күні сағат 02.15-те Павлодар қаласының полициясына қаладағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
«Полиция анықтағандай, 15 маусым күні 12.30-да Ақтоғай ауданы Балтасап ауылында кәмелетке толмаған бала аттан құлап кеткен. Куәгерлер бар. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді департаменттегілер.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты