$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2021, 10:04
Оқиғалар

Ақтау тұрғыны автосалоннан алған көлігінің бұрын ұрланғанын айтып шу шығарды

Салон иелері көліктің «арты таза» екенін айтып ақталды

Ақтау тұрғыны автосалоннан алған көлігінің бұрын ұрланғанын айтып шу шығарды
Көрнекі фото

Ақтауда жергілікті тұрғын автосалоннан жүрісі бар автокөлік сатып алған. Ал, бір жылдан кейін оны қайта сатпақ болғанда көліктің бұрын ұрланған болуы мүмкін екенін білген. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Автоөлікті рәсімдеу үшін арнайы ХҚО-ға барғанда, ондағылар дәл осындай VIN-коды бар көлік 2018 жылы Ресейде ұрланғанын айтыпты.

«Анықталғандай, автокөлік Санкт-Петербург қаласында ұрланған екен. Иесі сол жақтан шығып тұр. Түсініксіз бір жайт, көліктің менен бұрын үш иесі болған, ал ресейлік адам оны үш бойы іздемеген. Үшінші иесі көлікті автосалонға сатқан», - дейді ақтаулық Светлана Махамбетова.

Ол аталған жаңалықты ести сала автосалонға барып, шағымын айтқан. Ондағылар көлікті сатып алып, сатқан кезде мұндай проблеманың болмағанын, сондықтан көмектесе алмайтындарын жеткізіпті. Олардың айтуынша, көліктің Trade-in бағдарламасымен сатып алған кезде құжаттары таза болған. Олардың болжауынша, ресейлік құқық қорғаушылар көліктің ұрланғанын халықаралық базаға кеш енгізген болуы мүмкін.

Светлана Махамбетова болса полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары алдымен қылмыстық іс қозғап, алайда артынша оны қайта жауып тастаған. Өйткені, тексеру барысында автокөліктің VIN-коды түпнұсқа екені анықталыпты. Полицейлердің айтуынша, ресейлік көліктің VIN-коды қолдан жасалған болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#автокөлік #ұрлық