ШұғылCOVID-19: өткен тәулікте 1266 адамнан коронавирус анықталды

Павлодар облысында жол апаты болып, 5 адам зардап шекті

Павлодар облысындағы автожолда екі көлік соқтығысып қалды

Павлодар облысындағы автожолда жол-көлік оқиғасы болып, бес адам зардап шекті. Оның екеуі бала, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Ленинский – Үлкен Ажар тас жолында болған.

ГАЗель жүргізушісі өзіне және жол қозғалысына қатысушы басқа да адамдарға қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен, солға бұрылған.

Дәл сол сәтте жүк көлігінің артынан келе жатқан көлік жүргізушісі оны басып озбақ болған.

Нәтижесінде, екі көлік соқтығысып қалды. Алған соққыдан көліктің капоты жанған. Сол кезде жолда болған патрульдік-бақылау учаскесі қызметкерлерінің арқасында зардап шеккендерге дер кезінде көмек беріліп, қайғылы жағдайдың алды алынған.

Әртүрлі жарақат алған жапа шеккендер ауруханаға жеткізілген. Кейінірек балалардың бірі үйіне жіберілген.