ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда ер адам автобустың астына жатып алып, жол қозғалысына кедергі келтірген

Алматылық полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты
 

Видеодан алынған кадр

Алматы полиция өкілдері автобус астына жатып алған мас ер адаммен болған оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 15 желтоқсанда сағат 14.02-де Алматы қаласы ПД ЖБО-ға 1966 жылғы А. деген азаматтың қатты мас күйде Сейфуллин даңғылында, Жансүгіров көшесінің солтүстігіне қарай қозғалып келе жатқан 73 бағыттағы автобустың астына кіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сонымен қатар, полициядағылар ер адамның қандай да бір талап қоймағанын атап өтті.

«Патруль полициясы ер адамды Жетісу аудандық ІІД-не алып барды, онда ҚР ӘҚБК 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама жасалып, кейін ол қалалық наркологиялық диспансерге жеткізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның автобус астына жатып алған видеосы жарияланған болатын. Кадрлардан оны екі полицей күшпен алып шыққанын көруге болады.