ШұғылCOVID-19: Бір тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталды

БҚО-да көлігімен кісі қағып өлтірген экс-полицей қамауға алынды

Ер адам қазіргі таңда Оралдағы уақытша қамау изоляторына қамалған

Жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен бұрынғы полиция қызметкері Сәкен Қазжанов қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.   

Ер адам қазіргі таңда Оралдағы уақытша қамау изоляторына қамалған. 

«Күдікті қазір қамауға алынды. Біршама уақыт бұрын аталмыш факт бойынша Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп, нәтижесінде Сәкен Қазжанов теріс іс-әрекеттеріне байланысты  ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған болатын. Бұдан өзге, Тасқала аудандық полиция бөлімінің бастығы мен оның бірінші орынбасары да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, жол апаты 2 желтоқсан күні таңғы сағат 6.00 шамасында Тасқала ауылында болған еді. Жол-техникалық инспекциясы тобының аға меминспекторы Сәкен Қазжанов жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Жол-көлік апаты салдарынан жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтіп бара жатқан 56 жастағы ер адам қайтыс болған.