$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2019, 15:16
Оқиғалар

Тізе терісіне қарақұмық өсіп шыққан: Өгей әке баланы қатыгездікпен жазалап отырған

Ер адам 8 жасар баланы ұрып қана қоймай, оны тамақсыз қалдырған және өгей ұлының тізесіне қарақұмық жармасын қойған

Тізе терісіне қарақұмық өсіп шыққан: Өгей әке баланы қатыгездікпен жазалап отырған

Оқиға мамыр айында Ресейдің Омск облысында болған. Ата-анасы баласын сабақтан тым кеш қайтқаны үшін жазалап отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Stan.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Ер адам 8 жасар баланы ұрып қана қоймай, оны тамақсыз қалдырған және өгей ұлының тізесіне қарақұмық жармасын қойған. Жас баланы бұлай азаптау жарты сағаттан тоғыз сағатқа дейін созылып отырған.

Бұл ретте баланың туған анасы өзінің ер азаматына кедергі жасамай, оның мұндай «тәрбиелеу» әдістерін дұрыс деп тапқан.    

Бала кезекті «тәрбиелеуден» кейін саяжай маңындағы көршілеріне қашып барған. Өгей әкенің қорлығы сол кезде әшкере болған. Көршілері дереу полиция қызметкерлерін шақырған.

Қазір ер адам қамауда, ал баланың анасы ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған. Олар 7 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Балаға ота жасалды. Хирург баланың тізесіне өсіп кеткен қарақұмықты алып тастауға мәжбүр болды. Қазір баланың жарасы жазылып келе жатыр.

Серіктес жаңалықтары