Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен студенттердің бірінің денесі табылды

Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

12 маусымда Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

«Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. РЖҚЖ құтқарушылары Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай жылжыды. РЖҚТ қызметкерлері мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп арарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерді. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, табылған мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екендігі анықталды. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныған.

Еске сала кетейік, бұған дейін жоғалған үш турист табылып, құтқарылған болатын. Екі туристің денесі де табылды. Іздеу жұмыстары ертең де жалғасатын болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.