Ақмола облысында үш жыл бұрын жоғалып кеткен тұрғын табылды
Ер адамның әпкесі оның 2018 жылы тұрмыстық жанжалдан кейін үйден шығып кеткенін айтқан
Ақмола облысында полиция қызметкерлері үш жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 47 жастағы өскемендік тұрғынды іздестірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 47 жастағы ер адамның жүрген жерін анықтады. 2018 жылы тұрмыстық жанжалдан кейін ер адам үйінен белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы әпкесі хабарласқан.
«Аталған өтініш бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздеу шамамен үш жылға созылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде биылғы 10 маусымнда криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Щучинск қаласының көшелерінің бірінде анықтады. Ер адам қаңғыбастық өмір салтын сүреді», - делінген хабарламада.
Ол табылғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласынан кеткені анықталды. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған ол Астанаға жұмыс іздеп барған.
Жалпы, Ақмола полицейлері 2021 жылдың басынан бері жоғалған 38 адамды тапты.