11.06.2021, 12:28
Оқиғалар
Павлодарда дүкен өртенді
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр
Павлодарда дүкен өртенді. Оқиға орнында жеке құрамнан 15 адам және бес техника жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусымда сағат 07.05-те Ак. Сәтбаев көшесі, 21/2 мекенжайы бойынша «Альтаир» дүкенінде өрт тіркелген.
«Тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйге іргелес бір қабатты дүкенде үш шаршы метр алаңда өрт болды. Сағат 7.50-де өрт жойылды. ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 47 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала бар», - дейді өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Максим Варзегов.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді