ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Қарағанды базарында ер адам белгісіз жағдайда көз жұмды

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды
 

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды базарында ер адам белгісіз жағдайда қайтыс болды. Полиция басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдайға ер адамның денсаулық жағдайы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағандыда Майқұдық ықшам ауданындағы "Горняк" базарында ер адам қайтыс болды, алайда оның қазасына нақты не себеп болғаны әлі айтылмады. 

Әлеуметтік желіде 32 жастағы экспедитордың тауар әкелгенін жазып жатыр. Әлеуметтік павильонда баспалдақтан түсіп бара жатқанда темір қоршауға тиіп, оны тоқ ұрған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды.  

Қарағанды әкімдігі осы жағдайға байланысты түсініктеме берді, алайда ер адамның тоққа түсіп қайтыс болғаны туралы ақпаратты растамады. 

"Қарағанды қаласы полиция басқармасының мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі – ер адамның денсаулық жағдайы.. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала қорытынды жасамауды және тексерілмеген ақпарат таратпауды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

"Қарағанды патриоты" паблигінің мәліметінше, марқұмның артында екі баласы қалды.