10.06.2021, 12:31
Оқиғалар
БҚО-да жол апатына ұшыраған полицей ауруханада көз жұмды
Көліктегі екі жолаушы зардап шекпеген
фото: БҚО полиция департаменті
9 маусым сағат 19:45-те Орал-Ақсай автожолының 25 шақырымында жол апаты болып, ВАЗ-2110 маркалы автокөлігінің рөлінде болған полиция өкілі қайтыс болды.
БҚО полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, облыстық патрульдік полиция батальонының 28 жастағы қызметкері рөлді игере алмай, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған полиция өкілі ауруханада көз жұмған. Оның жанында екі жолаушы болған, олар зардап шекпеген.
Осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу басталды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды