Атырауда мас жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне шығып алған

17 жастағы баланың ата-анасы жауапқа тартылды

Атырауда құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесіне масаң күйде шыққан жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 маусым күні қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Атырау қаласы Огородная көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің төбесінде белгісіз жасөспірім бала жүргені туралы хабарлама түскен.

«Хабарлама бойынша тексеріс кезінде иесіз тұрған 2 қабатты үйдің жоғарында, яғни төбесінде 2004 жылы туған жасөспірімнің алкогольдік ішімдік ішкен күйде екені байқалып, мас болу фактісін анықтау үшін, медициналық куәландыратын сараптамаға жеткізілді. Сараптама қорытындысымен жасөспірімнің масаң күйде болғаны дәлелденіп, оның ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 2 бөлімімен (Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жасөспірім баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Енді ювеналды полиция инспекторлары 17 жастағы баланың тәртібін ерекше бақылауға алатын болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.