08.06.2021, 14:53
Оқиғалар
Алматыдағы Әкемтеатр алдында блогерді соққыға жығып, тонап кетті
Полиция блогерге шабуылдағандарды іздеуге кірісті
фото: facebook
Алматыда М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры алдында белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонап кеткен. Бұл туралы блогер Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Тіпті, бет-аузы қан-жоса болған суретін де жүктеді.
«Тәртіп болмайынша біз қалыпты өмір сүре алмаймыз. Олар мені театрдың жанында ұрып-соғып, тонап кетті», – деп жазды ол.
Алматы қалалық полиция департаментіндегілер бұл факті Қылмыстық кодекстің 191-бабы (қарақшылық) бойынша тіркеуге алынғанын мәлімдеді. Осы жағдайға қатысты жедел тергеу тобы құрылып, белгісіз шабуылдаушылардың жеке басын анықтау мен оларды ұстауға кіріскен.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті