$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2021, 11:45
Оқиғалар

Балықты заңсыз аулаған Мақтаарал тұрғыны 1 жыл 6 айға сотталды

Ол Шардара су қоймасынан түнде балық аулаған

Балықты заңсыз аулаған Мақтаарал тұрғыны 1 жыл 6 айға сотталды

Түркістан облысында балықты заңсыз аулаған ер азаматқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара су қоймасында балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды. Тексеру барысында анықталғандай, түнде жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері “Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы” РММ қызметкерлерімен бірлесіп, жағалауда электротокты қармақтың көмегімен балық аулаған ер адамды байқаған. Содан соң полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтамақ болып, жанына барады. Оны тексеру барысында Урал мотоциклінен бір дана ток көбейткіш құрал, 12 вольттік аккумулятор, сүзекі, резеңке қайық айғақты зат ретінде алынды. Сонымен қатар жалпы салмағы сегіз келі болатын төрт дана сазан балығы тәркіленді.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолдады. Бүгінде балықты заңсыз аулаған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты. ҚР ҚК-нің 335-бабында көзделген заң талаптарын өрескел бұзған азаматты Мақтаарал аудандық соты бір жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары