$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.06.2021, 11:18
Оқиғалар

Өскеменде мас ер адамның үйі өртенді

Құтқарушылар 4 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады

Өскеменде мас ер адамның үйі өртенді

Өскеменде мас ер адамның үйі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Semey News-ке сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Гагарин көшесі бойындағы үйде өрт шыққан. Құтқарушылар келгенде тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы екі бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінде төсек жабықтары өртенген, өрт алаңы 0,5 шаршы метр. Өрт сөндірушілермен қауіпсіздік мақсатында 4 тұрғын, соның ішінде 1 бала эвакуацияланды.

Газ бен түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі барлау жүргізу барысында жабық пәтерден 1972 жылғы ер адамды құтқарды. Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық қаралу нәтижесі бойынша ауруханаға жатқызу қажет емес.

Өрттің шығу себебі – үй иесінің мас күйінде отқа ұқыпсыз қарауы.

Серіктес жаңалықтары