ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

«Кореяға жұмысқа тұрғызып беремін»: кентаулық әйелді алдаған алаяқ ұсталды

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын тексеруде

Түркістан полицейлері Корея еліне жұмысқа тұрғызып беремін деп жұрттан ақша жымқырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Оның айтуынша, танысы Корея еліне жұмысқа тұрғызып беретінін айтқан. Және ол үшін тұрғыннан 350 мың теңге қаражат алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған. Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Кентау қаласының тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді.

Күдікті азамат жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын тексеруде. Ұсталған ер азаматтың бас шарасы қамауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуді, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.