07.06.2021, 13:44
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда 73 жастағы әйелді автобус қағып кетті
Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда болған жол-көлік оқиғасысынан, 73 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін сағат 11:25-те Уәлиханов көшесімен Сейфуллин көшесіне қарай кетіп бара жатқан маршруттық автобустың 32 жастағы жүргізушісі белгіленбеген тұстан жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. 73 жастағы әйел алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге абай болып, жолды тек белгіленген жерлерде ғана кесіп өту қажеттігін еске саламыз », - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 23:42
Қызылордада хоккей жаттықтырушысы шәкіртін екі жыл бойы қорқытып, зорлап келген (ВИДЕО)