Павлодар облысында браконьерлерден 230 келі балық тәркіленді

Ер адамға қатысты іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал сотқа жолданды

Павлодар облысында браконьерлерден 230 келі балық тәркіленді

Павлодар облысында браконьерлерден 230 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Павлодар облысы ПД-нің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері тұрақты негізде заңсыз балық аулауға, тасымалдауға және саудаға қарсы күрес бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді. 

"Мысалы, бірнеше күн бұрын Ленинский-Ертіс-Русская поляна автожолында полицейлер Мұткенов ауылы тұрғынының басқаруындағы Ваз-210740 автокөлігін тоқтатты. Көлік құралын тексеру кезінде тоғыз қап және бір пакет балық табылды. Жалпы салмағы 230 келі шығын сомасы – 280 000 теңге", – деді Павлодар облысы ПД-нің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов. 

Ол ауыл тұрғыны Ертіс өзенінің жайылмасында тыйым салынған тәсілмен – ұзындығы 100 метр “Қытай өндірісі” желілерімен балық аулағанын атап өтті. 

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал сотқа жолданды. 

Осыған ұқсас фактіні Тереңкөл ауданы Жаңабет ауылының маңында да полиция қызметкерлері анықтаған. Мұнда ер адам тыйым салынған құралмен балық аулаған. Сонымен қатар оның қайығынан басына түйреме жалғанған ұзын ағаш сап табылды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.