$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2021, 13:50
Оқиғалар

ШҚО-да үш жасар бала терезеден құлап кетті

Бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалған 

ШҚО-да үш жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Жезкент кентінде 3 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап. 

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-анасының қарауынсыз қалған бала терезеден құлап кеткен. 

«Жезкент кентіндегі Октябрь даңғылында орналасқан жатақханада 2018 жылғы бала бесінші қабаттағы терезеден құлап түсті. Куәгерлердің айтуынша, алдымен терезеден мысық, содан кейін қыз құлап кеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Құтқарушылар бұның өңірдегі жыл басынан бергі екінші оқиға екенін атап өтті. 

Көбіне жазатайым оқиғалар ата-аналардың қорғаныс құрылғыларын уақытында орнатпағанынан және балаларды жалғыз қалдырып, немқұрайлылық танытуынан болады.

Серіктес жаңалықтары