ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Ақтөбеде көлік жүргізушісінен 33 орама есірткі табылды

Өңірде “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр 

Ақтөбеде Тоyota Camry автокөлігінің жүргізушісінен 33 орама есірткі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

25 мамыр күні Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Әбілқайыр хан даңғылы бойында 44 жастағы ақтөбеліктің басқаруындағы Тоyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен өсімдік тектес заттары бар 33 полиэтилен орамасы салынған пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы шамамен 1,5 кг марихуана есірткі заты болып шықты. 

Бұдан бөлек, “Бруно” атты қызметтік-іздестіру ит көмегімен жалдамалы пәтерде тінту жүргізу барысында ішінде ерекше иісі бар, салмағы бес келіден асатын марихуана есірткі заты бар 84 полиэтилен түйіншегі оралған сөмке табылды. Алынған есірткі заттарының жалпы салмағыалты келіден астам 800 граммды құрады, бұл шамамен жеті мыңнан астам бір реттік доза 4,5 млн теңге сомасын құрайды.