ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Павлодар облысында көлік ағашқа соғылып, жолаушы көз жұмды

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында көлік ағашқа соғылып, жолаушы көз жұмдыү Қайғылы оқиға Әуежай – Павлодар автожолында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым күні сағат 23.00-де «БМВ» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, рульді басқара алмай қалып, ағашқа және жарықтандыру тірегіне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жолаушы ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 168  жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, 252 адам жарақат алды.