$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2021, 11:46
Оқиғалар

Елордада көлігімен жасөспірімді қаққан шенеуніктің ұлына айыппұл салынды

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленуші жол апатынан зардап шекпеген

Елордада көлігімен жасөспірімді қаққан шенеуніктің ұлына айыппұл салынды
фото: www.facebook.com/sara.bersan.1

5 мамырда Сара Бакирова есімді желі қолданушысы жол апатына куәгер болғанын, жаяу жүргіншілер жолында 1999 жылы туған азаматтың жасөспірім жігітті көлігімен қағып, оқиға орнынан ізін суытқанын жазды.

Сондай-ақ куәгер көлік жүргізушісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы лауазымын атқаратын Дамир Нұрғалиевтің ұлы екенін айтқан.

Бұл жағдайға қатысты МКК басқарма басшысы Дамир Нұрғалиев пікір білдірді.

«Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысады. Шешім қабылдау да солардың құзыретінде. Бұл жағдайға қатысты қандай да бір қорытынды шығаруға әлі ерте. Менің тарапымнан құқық қорғау органдарының шешіміне араласу, ықпал ету болмайды.

Ескерткім келетіні, бұл оқиғаның менің қызметіме - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетін еш қатысы жоқ», - деген шенеунік.

Бұл оқиғаны Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіндегілер растады. Оқиға 30 сәуірде сағат 15:13 те Түркістан көшесінде болған. Toyota Camry жүргізушісі белгіленген жерден жүгіріп өткен жасөспірімді (2004 жылғы) қаққан. Бұл факті бойынша 21 жастағы жол апатына куәгер азамат анықталды.

Informburo.kz агенттігінің хабарлауынша, Мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы лауазымын атқаратын Дамир Нұрғалиевтің ұлы 16 жастағы жасөспірімді көлігімен қаққаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

«Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған балада дене жарақаты анықталған жоқ. Сондай-ақ жәбірленуші тарапынан жүргізушіге шағым жоқ және олардан сот ісін жүргізуден бас тартатыны туралы жазбаша мәлімдеме алынды. Жол апатына себепкер болған жүргізуші жазасыз қалмады. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары