ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Павлодар облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Қайғылы жағдай Ленин – Курчатов автожолының бойында болған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жол апатында мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27  мамыр күні сағат 14.15-те Май ауданы Еңбекші ауылының маңында 49 жастағы мотоцикл жүргізушісі  жүріп келе жатқан сәтте рөлді басқара алмай, аударылып қалған. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.

 Сондай-ақ сағат 19:00-де Павлодар қаласында Катаев – Толстой көшелерінің қиылысында «Митсубиси Делика» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі.

Айта кетейік, осы жылдың басынан облыс аумағында 125 ЖКО тіркелген, салдарынан 7 адам қаза тауып, 191 адам жарақат алған.