ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Ақтөбеде бір түнде 100-ден астам жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балалары үшін жауапты екенін ескертеді

Ақтөбеде бір түнде полиция бөлімдеріне жүзден астам кәмелетке толмаған бала жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше Ақтөбенің барлық мектептерінде түлектерге соңғы қоңырау соғылды. Түлектер тарапынан құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында полицейлер күшейтілген режимде қызмет етті. Барлық оқу орындарында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар кезекшілікте болды және патрульдік полиция бағыттары мектептерге жақын болды.

«Өткен түнде Ақтөбе облысы бойынша полиция бөлімдеріне түрлі құқықбұзушылығы үшін 100-ден астам кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Жеткізілгендердің негізгі бөлігі – ересектердің қарауынсыз жүргені – 98, бірі ойын-сауық мекемесінде, бірі – ұсақ бұзақылық жасағаны үшін және бірі қоғамдық орында темекі шеккені үшін ұсталды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертеді, осы және келесі демалыс күндері мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.