$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2021, 17:07
Оқиғалар

ДСМ вакцинациядан кейін қиын жағдайға тап болған алматылыққа қатысты жауап берді

Оқиға Алматы қаласында болған

ДСМ вакцинациядан кейін қиын жағдайға тап болған алматылыққа қатысты жауап берді
скриншот: видео

Танымал блогер Дәулет Мұқаев (dauletten) Сымбат есімді оқырманының құрбысы «Спутник V» вакцинасын салдырғаннан кейін қиын жағдайға ұшырағаны жайлы видео жариялады.

Видео авторының айтуынша, вакцина салдырған кейінгі түн олар үшін үреймен өткен. Құрбысының бет-аузы, аяқ-қолы қайта-қайта тартылып, жүрегі дүрсілдеп соғады екен. Және бұл жағдай осымен бірнеше рет қайталанған.

«Үшінші рет қайталанып жатыр. Коронавирустан қорғайды, иммунитет қалыптасады дегені осы ма?! Бет-аузы, аяқ-қолы тартылып, жүрегі тарсылдап соғады. Вакцина алу-алмау әркімнің өз еркі дейді, бірақ алмасаң жұмыстан шық деп мәжбүрлейді. Адам өмірінің құны қалмаған ба? Шақырған жедел жәрдем 30 минутта әрең жетеді», - деп шағымданған оқырман.

Осы жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артықшын жауап беріп, бұл оқиғаның Алматыда болғанын, жағдайды анықтаған соң нақты жауап беретінін айтты. 

Еске сала кетейік, 19 мамырда Денсаулық сақтау вице-министрі коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін қайтыс болған 4 адамға қатысты пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары