$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2021, 16:53
Оқиғалар

Жамбыл облысында 13 жастағы бала суға кетіп қайтыс болды

4 жеткіншек рұқсат етілмеген жерде суға түскен 

Жамбыл облысында 13 жастағы бала суға кетіп қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Қаратау қаласындағы Жартас көлінде 13 жастағы бала суға кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды 24.kz

Шомылып жүрген төрт баланың бірі лезде ғайып болады. Марқұмды таппай қалған балалар айқайлап төңіректегілерді көмекке шақырған. Тұрғындардың бірі баланы судан шығарып, алғашқы жәрдем көрсетуге тырысқан. Алайда тым кеш болған. 

Айта кету керек, облыста шомылуға рұқсат етілген 16 орын белгіленген. Жуырда өңірде шомылу маусымы басталады. Құтқарушылар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр. 

«Номер бірінші лицей мектебінің 6-сынып оқушысы, 2008 жылы туған. Шомылу барысында шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кеткен.  Статистикаға сәйкес 2020 жылы облыста 18 адам қайтыс болған. Оның ішінде 9-ы бала», - деді Облыстық ТЖД басқарма басшысы Руслан Шариев. 

Серіктес жаңалықтары