$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2021, 15:32
Оқиғалар

Теміртаудағы комбинатта екі жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кетті

Күйіп қалған ер адамдар жансақтау бөлімінде жатыр 

Теміртаудағы комбинатта екі жұмысшының үстіне балқыған металл төгіліп кетті
Фото: ашық дереккөзден

Теміртау қаласындағы ең ірі металлургиялық комбинатта оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

ОКЦ-ының миксер бөлімшесінде кранды көтеру кезінде шойын тасығыш шөміш құлап кеткен.1984 жылы туған кран машинисі Ж. дене бетінің 20% жуығы 2,3 дәрежелі күйік алды. 1994 жылғы кран машинисі М. 3,4 дәрежелі күйік алды (дене бетінің шамамен 70%). Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«Жүргізілген реанимациялық шаралардан кейін, зардап шеккендер Қарағанды қ. ОМО күйік орталығына жеткізілді.

Бұл факті бойынша тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Жазатайым оқиғаның салдары мен себебі тексеру жүргізілген соң белгілі болады. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз», - дейді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова. 



 

Серіктес жаңалықтары