$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2021, 10:10
Оқиғалар

Алматы облысында 11 жасар бала 9-қабаттан құлап қайтыс болды

Оның ішіне темір қада кіріп кеткен

Алматы облысында 11 жасар бала 9-қабаттан құлап қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған. Оқушы бала «Нұрия» тұрғын үй кешенінің 9 қабатынан құлап кеткен. Марқұм құрылысы толық аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесіне шығып ойнаған деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

11 жасар бала 5-сыныпты бүгін бітіруі тиіс болған. Ол екі қызбен бірге құрылысы аяқталмаған ғимараттың төбесіне шығып ойнапты. Нысан бала тұрған үйге қарсы орналасқан.

«Екі қабырғаның арасында саңылау жұқа қаңылтырмен жабылған. Қабырғалар арасындағы қашықтық шамамен 20-30 см және осы параққа басып, бала үйлер арасындағы саңылауға түсіп кеткен», - деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға кеше 24 мамыр күні күндіз болған. Куәгерлердің сөзінше бала арматураға қадалып қалған көрінеді. Аудан әкімі Қайдар Абдыханов оқиға орнына барып, тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді тапсырды. Қайғылы жағдай бойынша тексеріс басталды.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы облысы