$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2021, 16:48
Оқиғалар

Ақтөбе облысында аналар өлімі қайта көбейген

Өңірде жыл басынан бері 7 ана өлімі тіркелген

Ақтөбе облысында аналар өлімі қайта көбейген
Фото: ашық дереккөзден

Өңірде жыл басынан бері 7 ана өлімі тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, былтырғы 9 ай ішінде осындай 14 жағдай тіркелген. Ол уақытта Денсаулық сақтау басқармасындағылар марқұмдардың басым көпшілігі коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп түсіндірген болатын.   

Алайда 17 мамырда болған соңғы жағдайды да дәрігерлер COVID-19 вирусымен байланыстырып отыр. Нәрестесін аман-есен босанған соң 30 жастағы келіншектен қан кеткен, оған ота жасалғанымен, дәрігерлер құтқарып қала алмаған. Жас ананың артында жаңа туған ұлы қалды.  

«Жас анада екіжақты пневмоторекс күшейіп кеткен. Әйелдің өткен жылы пневмонияға ұласқан ковидпен ауырғаны босанған кездегі жағдайына әсер еткен», - деп түсіндірді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Асхат Балықов.

Бұл перзентханада биылдың өзінде екі ана өлімі тіркелген. Орталықтың бас дәрігері ендігі қызметінен кетті, нақтырақ айтқанда, жұмыстан шығарылды.

Қайтыс болған әйелдің туыстары оған тиісті медициналық көмек уақытында көрсетілмеген деп есептейді, сондықтан құқық қорғау органдарына шағымданған.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау басқармасы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды, оның құрамына Батыс Қазақстан медуниверситетінің мамандары кірген.

Серіктес жаңалықтары