ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Ақтауда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы құлап түсті

Газ құбыры бүлінген, зардап шеккендер жоқ

фото: lada.kz

Бүгін таңғы сағат 03:30-да қатты жел салдарынан Ақтаудың 30-шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы құлап түсті. Lada.kz порталының хабарлауынша, тұрғын үй ақпан айынан бастап МИҚ басшылығына өткен.

«Оқиға күндіз болса, зардап шеккендер болушы еді. Бұл үй ақпаннан бастап Меншік иелері қауымдастығының (МИҚ) басшылығына өтті, сондықтан жауапты адамды таба алмаймыз. МИҚ басшылары мен қызметкерлері уәде айтады, бірақ міндеттемелерін орындамайды», - дейді зақымданған үйдің тұрғыны Сәуле.

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Апат қатты жел салдарынан болған, газ құбыры бүлінген. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қауіптің алдын алу мақсатында уақытша газ беруді уақытша тоқтатқан.