Таразда үйінен қашып кеткен 13 жастағы қыз табылды
Жасөспірім анасымен жанжалдасқан соң үйінен кетіп қалған
Тараздық полицейлер үйінен қашқан 13 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 18 мамыр күні түнгі сағат 02:00-де полицияға облыс орталығының тұрғыны түнгі сағат 00:00-де оның 13 жасар қызы жанжалдан кейін үйден шығып, қайтып келмегені туралы хабарласқан.
Полиция департаментінің барлық жеке құрамы “Дабыл” сигналы бойынша Тараз қаласының шағын аудандарының барлық аумағын аралып, тексеріп шықты. Қаладағы жақын маңдағы көшелер, барлық саябақтар мен скверлер тексерілді. Іздеуге еріктілер қосылды, олар полицейлермен бірге көшедегі адамдарға таратылған бағдарлар бойынша ақпарат берді.
«Таңертең сағат бесте жоғалған қыз қала мектептерінің бірінің жанындағы орындықтан аман-есен табылды. Жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер болмаған», - деленген ПД хабарламасында.
Анасына қатысты кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі сағат 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс болуына жол бергені үшін хаттама толтырылды. Ата-анасының қатысуымен қызға қатысты осындай деректерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді.
Тәртіп сақшылары кезекті рет барлық ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларға қатысты қырағылық танытуға және олардың түнгі уақытта қаңғыбастығына, сондай-ақ олардың қатысуымен құқыққа қарсы деректерге жол бермеуге шақырады.