$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2019, 15:27
Оқиғалар

Петропавлда көпқабатты үй өртеніп, бір адам қайтыс болды

Қос қабатты үйде бірден екі пәтер өртеніп, 11 адам құтқарылған

Петропавлда көпқабатты үй өртеніп, бір адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Петропавл қаласында көппәтерлі үй өртеніп, 1 адам қаза болды. Құтқарушылар отқа оранған нысаннан 11 адам мен 3 газ баллонын алып шықты. Ажалдан аман қалғандардың бірі кішкентай бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі, СҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің туындауына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Қос қабатты үйде бірден екі пәтер өртенген. Жалынның күшті болғаны сондай, оқиға орнына құтқарушылар жеткенше, ғимараттың төбесі мен қабырғалары жанып кеткен.

11 адам құтқарылды. Оның біреуінің денсаулығына айтарлықтай зақым келген. 1971 жылы туған ер адам қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның бері, жоғарғы тыныс алу жолдары күйіп қалған. Пәтерлердің бірінен үй есінің мүрдесі табылды. 71 жастағы зейнеткер түтінге тұншығып қалған.

Өрт салдарынан үйдің шатырының ағаш конструкциясы, терезе, есік, жиһаз, тұрмыстық техника және жеке заттары айтарлықтай зақымдалған. Пәтерлердің жалпы күйген алаңы 15 шаршы метр. Матриалдық шығынның нақты көлемі есептелуде.

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан өрт салдарынан 39 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды, 42 адам құтқарылды. Материалдық шығын көлемі 65 млн теңгеге бағаланды.  

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #өрт