ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Қазақстан тарапы Әсел Айтпаеваның өліміне байланысты Грузияға тергеу тобын жібереді

12 мамырда марқұмның денесі елге жеткізілді

Жақында қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне байланысты Қазақстан тарапы Грузияға жедел тергеу тобын жібереді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Халықаралық келісімдерге сәйкес, таяу арада Ішкі істер министрлігі Грузияға жедел тергеу тобын жібереді. Оның міндеті - қайғылы жайттың барлық мән-жайын зерделеу және грузин тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу», - деді Нұрділдә ведомствоның баспасөз мәслихаты барысында.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Грузияда марқұм Әсел Айтпаеваның ата-анасының шағымына байланысты азамат М.Мейірбековке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 128-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Еске салайық, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның мерт болғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні шыққан. 12 мамырда марқұмның денесі елге жеткізіліп, Қабанбай батыр ауылына жерленді.

Грузия прокуратурасындағылар «Жас қыз өз-өзіне қол салған болуы мүмкін» деген болжамын айтты. Алайда Әсел Айтпаеваның анасы бұған сенбейді. Айсұлу Айтбаеваның айтуынша, қызын өлтірген өзінің күйеу баласы болуы мүмкін.