$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2021, 11:31
Оқиғалар

Алматыда сауда орталығының жанында ер адамды өлтіріп кетті

Марқұм Алматы облысының тұрғыны болып шықты

Алматыда сауда орталығының жанында ер адамды өлтіріп кетті

Алматыда ер адамды өлтіріп кетті. Марқұмның мәйіті жолдың бойынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Полицияның мәліметінше, 1972 жылғы жігіт алған дене жарақатынан қайтыс болған. Марқұмның денесі Райымбек даңғылының бойындағы "Апорт" ойын сауық орталығына қарсы беттегі жолдың бойында жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, 49 жастағы жігіт алған жарақатынан немесе көлік қағып жазым болуы мүмкін.

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша тіркеліп және оны Наурызбай облысының полиция басқармасы тергеп жатыр. Ер адамның жеке басы анықталды. Марқұм М. Алматы облысының тұрғыны. Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, өлім жағдайы мен кінәлі адамды анықтау бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары