ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті

Түрлі жарақат алған бір адам Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізілді

Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 39 жылқы өртеніп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ірі жол-көлік апаты 15 мамыр күні түнгі сағат 23.30 шамасында Қаратөбе ауданындағы Самара – Шымкент тасжолының 464-шақырымында болған.

«40 шақты жылқы тиеп алған «КамАЗ» көлігі мен жүксіз, бос келе жатқан түркиялық нөмірлі «Mercedes-Benz Actros» жүк көлігінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан, өрт тұтанған. Екі жүк көлігі де, тіркемедегі 39 бас жылқы да түгелдей өртеніп кеткен. Көліктердің ішінен өртеніп кеткен екі мәйіт шығарылды. Сондай-ақ түрлі жарақат алған бір адам Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатыр», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Айта кетерлігі, өрт түнгі сағат 04.47-де өшірілді.