Алматы облысында екі күн бұрын әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

Сарбаз әскери бөлімнен үйін сағынғандықтан кетіп қалғанын айтқан

 

Алматы облысында екі күн бұрын әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында 14 мамыр күні әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

«Қатардағы сарбаз Дархан Мырзабаевты әскери полиция күштері 16 мамыр күні түнгі сағат үш шамасында Сарыөзек станциясынан тауып, ұстады. Ол әскери бөлімнен үйін сағынғандықтан қашып кеткенін айтты», - делінген баспасөз хабарламасында.   

Қазіргі таңда сарбаз өзі борышын өтеп жүрген әскери бөлімге жеткізілді.

«Әскери бөлімді дәлелсіз себептермен өз еркімен тастап кету дерегі бойынша қызметтік тергеу жұмыстары басталды. Тергеу қорытындысы бойынша Мырзабаевқа қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматы облысы Заречный кентінде орналасқан 5574 шұғыл қызмет әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан сарбаз бөлімді өз бетінше тастап, белгісіз бағытқа кетіп қалған. 

Әскери қызметкерді іздеуге әскери бөлімнің жеке құрамдағы күштері жұмылдырылды. 

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.