$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2021, 11:57
Оқиғалар

Ақтөбе облысында 11 жастағы бала суға батып мерт болды

Судан добын алып шықпақ болған бала ағысқа қарсы тұра алмаған

 
Ақтөбе облысында 11 жастағы бала суға батып мерт болды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысына қарасты Алға ауданында 11 жастағы бала суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 15 мамыр күні сағат 16:00 шамасында болған.

«Болжам бойынша 3 бала доп ойнап жүргенде доп өзен суына түсіп кеткен. Балалардың біреуі допты алмақ болып суға түскен. Алайда су ағысына қарсы тұра алмаған бала бірден батып кеткен», - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменінің баспасөз хабарламасында.

Балалардың айғайлаған дауысын естіген ауыл тұрғыны бірден көмекке жүгіріп, оны 2,20 метр тереңдіктен алып шыққан. Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, өкінішке қарай, оны құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Облыстық ТЖД өкілдері ата-аналардан балаларын су жағасында қараусыз қалдырмауға және балаларына суға түсу ережелерін үйретуге шақырады. 

Серіктес жаңалықтары