Ақтөбеде 68 жастағы велосипедшіні көлік қағып өлтірді
Қазіргі уақытта 51 жастағы әйел жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе қаласында 68 жастағы велосипедшіні көлік қағып кетті. Ауыр соққы салдарынан зейнеткер ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Infiniti FX35» көлігін жүргізіп келе жатқан 51 жастағы әйел Некрасов көшесі бойымен оң жақ шетте келе жатқан 68 жастағы велосипедшіні басып кетті», - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.
Жол-көлік апаты кезінде алған жарақаты салдарынан велосипедші Ақтөбе қалалық шүғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында тілге келмей көз жұмды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімімен абайсызда кісі өліміне әкеп соққан жол-көлік ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.