$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2021, 17:38
Оқиғалар

Екібастұзда ер адамнан 11 бума есірткі тәркіленді

Қала полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 29 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі

Екібастұзда ер адамнан 11 бума есірткі тәркіленді
Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда полицейлер ер адамнан 11 бума есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, өткізілген іс-шаралар нәтижесінде есірткі заттарын сатты деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған 45 жастағы облыс тұрғыны ұсталған.

"Іс-шара барысында өсімдік тектес сұр-жасыл заты бар 11 қағаз бумасы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес кептірілген марихуана есірткі заты болып табылады. Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Екібастұз қалалық полиция басқармасының басшысы Василий Скляр.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы-есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Айта кетейік, жыл басынан бастап Екібастұз қаласының полицейлері заңсыз айналымнан 29 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.

Серіктес жаңалықтары