ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Павлодар облысында 1 млн теңгенің балығын аулаған браконьерлер ұсталды

Өңірде балық аулауға тыйым салынған заңды елемейтін азаматтар анықталды

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 50-ден астам табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 1 миллион теңгені құрады.

«Бүгінгі таңда өңірде балық аулауға тыйым салынғанына қарамастан, азаматтардың арасында заңды елемейтін азаматтар бар. Балықтардың уылдырық шашу кезеңінде браконьерліктің алдын алу   мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балық аулау қағидалары негізінде 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында Павлодар өңірінде «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі», - деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Полиция департаменті, табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Охотзоопром» РМҚК қызметкерлерімен бірлесіп, Май ауданы Жұмыскер ауылының Қарасор көлінде жалпы салмағы 124 келі 3 қап балық аулаған Павлодар қаласының екі тұрғынын ұстады.

Материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ, қытайлық резеңке қайық пен моножелілер тәркіленді.