Шымкентте қайтыс болған иесінің басын иті мүжіп тастаған
Ер адамның мүжіле бастаған мәйіті жеке үйлердің бірінен табылған
Шымкентте аш ит иесінің басын мүжіп тастаған. Бұл туралы қалалық Полиция қызметкерлері хабарлады, деп жазады Аstanatv.kz.
Жеке үйлердің бірінен денесі мүжіле бастаған ер адамның мәйіті жатқанын көршілері байқап, полицияға шағымданған. Оқиға орнында жұмыс істеген жедел-тергеу тобы қайтыс болған адамның 1958 жылғы үй иесін екенін анықтапты. Сондай-ақ, сол үйде иті мен қожайыны ғана тұрғанын айтты.
«Алдын ала болжам бойынша ер адам қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң, аш ит иесінің мәйітін жей бастаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында азаматтың қайтыс болу себебін анықтауға бағытталған бірқатар сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді Шымкент қаласы Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Мөлдір Бекеева.