$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2021, 10:25
Оқиғалар

Павлодарда он қабатты үйден өрт шығып, 49 адам эвакуацияланды

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ

Павлодарда он қабатты үйден өрт шығып, 49 адам эвакуацияланды
скриншот: видео

Павлодар блыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 11 мамырда сағат 02:57-де Сибирская көшесі, 85 мекенжайы бойынша орналасқан он қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келгенше екінші кіреберістен 49 адам (11-і – балалар) өздері сыртқа шыққан.

«Бесінші қабатта бір бөлмелі пәтердің балконында тұрмыстық заттар, терезенің ағаш жақтауы, қонақ бөлмесінде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанған. Іргелес үш бөлмелі пәтердің балконында ағаш терезе жақтауы күйген. Сондай-ақ алтыншы қабатта екі пәтердің жапсарлас балконында ағаш терезе жақтаулары мен тұрмыстық заттар жанды», - делінген хабарламада.

Өрттің жалпы ауданы 11,5 шаршы метрді құрады.

Сол үйде тұратын 1967 жылы туған әйел апаттар медицинасы орталығының қызметіне жүгінді. Демікпе диагнозы қойылған, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.  Өрт сағат 03:37-де сөндірілді.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Серіктес жаңалықтары