ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 930 адам COVID-19 вирусын жұқтырды

Түркістан облысында ақбөкеннің мүйіздерін заңсыз сатқан браконьер ұсталды

Келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңгеге жуық

Түркістан облысының полицейлері «Қызыл кітапқа» енген ақбөкен жануарының мүйіздерін заңсыз сатқан браконьерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлеріне белгісіз біреулердің «Қызыл кітапқа» енген ақбөкен жануарының мүйізін заңсыз сатумен айналысып жатқаны жайлы шұғыл ақпарат түседі. Аталған жайтты сарыағаштық полицейлер ҚР ҚК-нің 339-бабының 1 бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде Сарыағаш АПБ мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар браконьерді ұстады. Сондай-ақ күдікті азаматтың үйінен айғақты зат ретінде 35 келі болатын ақбөкен мүйізі тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңгеге жуық.

Белгілі болғандай, күдіктінің Қарағанды облысының жергілікті тұрғыны екені анықталды. Бүгінгі таңда күдікті азамат Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұсталған ер азамат қолхатта. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталады.