ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 930 адам COVID-19 вирусын жұқтырды

Аулада балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адам жауапқа тартылды

Ер адам 8 жастағы ұлын өзін ренжіткен 11 жастағы баламен төбелесуге көндірмек болған

скриншот: видео

Нұр-Сұлтан қаласында балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеген ер адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Оқиға Бабатайұлы көшесіндегі ойын алаңында болған. Ер адам 8 жастағы ұлын өзін ренжіткен 11 жастағы баламен төбелесуге көндіруге тырысқан. Аталған факт бойынша 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

«Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді», – деп хабарланды елордалық ПБ баспасөз қызметінен.

Ер адамның балаларды төбелесуге мәжбүрлемек болған виджеосы әлеуметтік желіде тарады.

Төбелес салдарынан 11 жастағы бала дене жарақатын алған және оның анасы полицияға шара қолдану туралы өтініш жазған.