$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2021, 23:46
Оқиғалар

Теңізде «ҚазҚұрылысСервис» жұмысшылары ереуілге шықты

Жұмысшылар компанияның жалақы есептеу жүйесіне наразылық білдірген

Әлеуметтік желіде «Теңізшевройлдың» мердігері «ҚазҚұрылысСервис» мұнайгазқұрылыс компаниясы» мекемесінің жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп жатқан видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Басылым тілшілері «ҚазҚұрылысСервис» басшылығына хабарласқан болатын.

«Қазір митинг болған жерде 50-ге жуық адам қалды, олармен әкімдік пен ТШО өкілдері сөйлесіп жатыр, қалған жұмысшылар тарап кетті. «Теңізшевройлдың» жобасына біздің барлығы 511 қызметкер тартылған.

Жалақы жұмыс сағатының және нақты жұмыс істеген сағатқа сәйкес есептеледі, бұл формуланы ҚР Қаржы министрлігі бекіткен. Ставка айлар бойынша «секіріп» кетуі мүмкін, бірақ тұтас жылмен есептегенде еңбек шартында белгіленген жалақыға сәйкес келеді. Сонымен қатар, тамақтану және тұрмыс жағдайына қатысты шағымдар болды. Бірақ ТШО тұрақты түрде аудит жүргізеді, онда талдап айтарлықтай жоғары және кез келген жағдайда біз қызметкерлердің шағымы мен талаптарын орындауға тырысамыз. Бұған дейін еш шағым болмаған», - деп хабарлады компания басшылығы.

«Теңізшевройл» компаниясы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Компанияға «KazStroyService» қосалқы мердігерлік ұйымының қызметкерлері жалақыны есептеуге қатысты алаңдаушылық білдіргені белгілі. «Теңізшевройл» жағдайды мұқият қадағалап отыр. Мердігер компанияның басшылығы туындаған мәселені шешуге жұмыстанып жатыр. Бұл қосалқы мердігер ұйымның ішкі мәселесі болғандықтан, барлық сұрақтарды осы компанияның басшылығына жолдағаныңыз жөн», - делінген компания хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары