ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Оралда бойжеткен көпірден секіріп кетті

Оқиға кеше кешкі сағат 19.00 шамасында болған

Фото: ашық дереккөзден

Оралда бойжеткен көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 5 мамырда кешкі сағат 19.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жастағы бойжеткен суицид жасағысы келген.

«Оқиға орнына құтқарушылар келіп, қызды судан алып шықты. Аталған жайтқа байланысты қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды»,  - деді полициядағылар.  

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қызға ми шайқалу және іштің жабық жарақат алуы диагнозы қойылды. Бойжеткен облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілген.