$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2021, 18:12
Оқиғалар

Петропавлда 7 жасар баланы жүк көлігі соғып кетті

Бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді

Петропавлда 7 жасар баланы жүк көлігі соғып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда жеті жасар баланы жүк көлігі соғып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамыр күні шамамен сағат 13:40-та Н. Назарбаев көшесінде ГАЗ жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер қиылысында жүргізуші жақтан жолды солдан оңға қарай кесіп өтіп бара жатқан бірінші сынып оқушысын соғып кетті.

Бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Абырой болғанда, баланың денсаулығына зиян келмеді, ата-анасы қарсылық білдіруден бас тартты. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша материал жинастырды, жүргізушіге айыппұл салынды.

СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша жұмыс күн жылысымен аса өзекті екенін атап өтті.

«Балалар оқу мекемелеріне бара бастаған сәттен бастап, тәртіп сақшылары оқушылармен және ата-аналармен бірден кездесулерді өткізуге кірісті. Оқушыларды жолда қауіпсіздік сақтау туралы ескертіп, ата-аналарға қауіпсіз “үй-мектеп” бағытын құруға көмектеседі. Жыл басынан облыстың оқу орындарында полицейлер 623 кездесу өткізіп, жадынамаларды таратты. Жазғы демалыс қарсаңында “Назар аударыңыз, балалар!” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі», - дейді Байматов.

Айдын Байматовтың айтуынша, жолдағы қауіпсіздік әрбір адамның жеке жүріс-тұрысына байланысты екенін түсіну аса маңызды. Балалар ересектерге қарап бой түзейді. Бірнеше минут үнемдеймін деп, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін әрбір жаяу жүргінші түптеп келгенде, оқыс оқиғаға душар болуы мүмкін. Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша жұмыс облыстық полиция басшылығының бақылауында және түрлі іс-шаралар кешенімен шешіледі.

Серіктес жаңалықтары