ШұғылCOVID-19: Өткен тәулікте 2,5 мың адамнан вирус анықталды

Ashyq қосымшасы AppStore-дан жоғалып кетті

Қосымшаны әзірлеушілер себебін түсіндірді

Фото: sputniknews.kz

Ashyq қосымшасы AppStore-дан өшірілді. Қосымшаны әзірлеушілердің бірі Виталий Пустовойтенко себебін түсіндірді. Сондай-ақ жақын арада AppStore-да Ashyq қосымшасы қайта жұмыс істейтінін айтты.

«Күрделі жағдай емес. Біз сервистің жұмысын жақсарту мәселелерімен айналысып жатқанда, бір мәселені жіберіп алдық: абоненттік төлемді уақытылы төледік, бірақ басқа адамның картасынан. Ashyq тіркелген AppStore есептік жазбасы бір адамға жазылған. Бірақ, Apple компаниясының жаңа ережелеріне сәйкес, биылдан бастап жазылым ақысы төленетін банк картасы міндетті түрде шот иесіне тиесілі болуы керек», - деп жазды ол.

Виталий Пустовойтенко уақытша келеңсіздік үшін кешірім сұрап, қазір қосымша құқықтарын мемлекеттік органға беру процесі жүріп жатқанын айтты.

Ashyq –  қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.